17.03.2023, 14:25
Жаңалықтар
Астананың мектептері мен колледждерінде «Балбырауын» күйі бір уақытта орындалды
Челленджге қаланың 127 білім беру мекемесінен, 3000-нан аса домбырашы қатысты
Бүгін елорданың барлық білім беру ұйымында елорда уақыты бойынша сағат 12:00-де Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен «Күй күмбірі» атты домбырашылар челленджі өтті. Бұл туралы Azattyq Ruhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Білім алушылардың рухани мәдениетін, эстетикалық, патриоттық рухын арттыру, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбырада орындау өнерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған челленджге қаланың 127 білім беру мекемесінен, 3000-нан аса домбырашы қатысты.
Астаналық челлендж қатысушылары Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды