«Мынау ұят енді»: әнші Кенжебек Жанәбіловтің шашын тойда жүргендердің бірі тартып көрді
Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды
«Музарт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтің шашын тойда белгісіз адам тартқаны, артынша әншінің өзі ол адамды итеріп жібергені видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Осы сәтті Кенжебек Жанәбілов Instagram желісіне жүктеп, оқырмандарынан кімнің ісі дұрыс екенін сұрады.
«Менің орнымда басқа біреу болса… Кімдікі дұрыс?», — деп жазды Кенжебек Жанәбілов.
Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып жатты.
«Сәл науқас шығар. Сау адам олай жасамайды ғой», «Сенбей жүрген шығар, пародия деп» «Әрине, сіздікі дұрыс», «Жас жігіт емес, ересек ер адамның әрекеті дұрыс емес», «Баланың тірлігін жасапты», «Шашыңыздың бұйрасын рас па, өтірік пе деп тексеріп көрген шығар», «Мынау ұят енді», «Дұрыс істедіңіз», — деп жазды желідегілер.