ҚХП: Мемлекет агроөнеркәсіп саласын қолдауы керек
Партия өкілі ШҚО-дағы шаруа қожалығы ұжымымен кездесті

Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Александр Милютин Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданындағы «Зайтенов» шаруа қожалығында болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Партия өкілінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары ауылшаруашылық бағытында өрбіді.
Шаруалар мемлекеттен берілетін субсидияларға қол жеткізе алмай жатқанын айтты. Осы ретте Александр Милютин партия агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асыру қағидаттары мен тетіктерін түбегейлі қайта қарауды ұсынып отырғанын атап өтті.
Кездесуде партия өкілі жастарды қолдау, ауылды дамыту, салалардағы кадр тапшылығы секілді мәселелерді де атап өтті. Сонымен қатар ол қазақстандықтар үшін білім мен денсаулық саласындағы қызметтер тегін әрі қолжетімді болу керек екенін тілге тиек етті.