Жетісу облысында табиғи газға қосылу құны үш есеге арзандатылды – прокуратура
Аталған мәселе облыс прокуратурасы енгізген Жол картасы аясында шешімін тапқан

Жетісу облысында прокуратураның көмегімен табиғи газға қосылу құны үш есеге жуық төмендетілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта облыс прокуратурасының бастамасы бойынша енгізілген Жол картасын іске асыру кезінде Көксу ауданы Балпық би ауылында газды қосу құнын 370 мыңнан 170 мың теңгеге төмендетуге мүмкіндік туды.
«Мұқры ауылында өткізгіш құбыр тартылып, 151 үй табиғи газға қосылды. Аудан орталығында балалар алаңдарын абаттандыру аяқталды. Халықпен кездесу бізге дәл қазір халықты не толғандыратыны туралы нақты көріністі көрсетті», - деп хабарлады облыс прокуроры Мадияр Басшыбаев.
Жол картасы аудандық ауқымда әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелерді шешу жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ жекелеген тұлғалардың жеке мәселелерін қамтиды.
«Мысалы, Сарқан ауданының Қазыбаев ауылында медициналық пункт болмаған, көрсетілген мәселені Жол картасына косқан соң аудан әкімдігімен блокты-модульдік пункт орнатуға бюджеттік өтінім қорғалған және оны орналастыру 2023 жылға жоспарланған», деді облыс прокуроры.