17.03.2023, 05:14
Жаңалықтар
Астанада аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтаған адам ұсталды
ҚР ІІМ мәліметінше тәркіленген есірткінің салмағы 1 келіден асады
видеодан скрин
Елордада аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтаған 26 жастағы адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Күдікті тұрған пәтерді тінту кезінде ерекше иісі бар ақ түсті зат салынған 700-ден астам түйіншек табылды және тәркіленді. Сараптама көрсеткендей, зат салмағы шамамен 1 кг 200 гр мефедрон болып шықты. ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін мойындады және ол қамауға алынды»,- делінген полиция хабарламасында.
Көп оқылған
23.06.2026, 10:47
Кавказды дүр сілкіндірген оқиға: 8 жастағы Хизир Дербичев жер қойнына тапсырылды (ВИДЕО)
23.06.2026, 09:54
Алаяқтар көлік ұрлаудың жаңа тәсілін ойлап тапты: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады
23.06.2026, 13:49
Алматыда ішімдікке сылқия тойған ер адам көлік ұрлап кеткен (ВИДЕО)