$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында прокурорлық тексерістен кейін газ бағасы арзандады

Көгілдір отын бағасын негізсіз өсірген компанияға 2 млн теңге айыппұл салынды

Алматы облысында прокурорлық тексерістен кейін газ бағасы арзандады

Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен Шамалған, Жандосов, Шалқар, Еңбенші, Үштерек, Құмарал, Тұрар МТФ және Арай, Аянат, Дархан, Баркөл бау-бақша қоғамдарының тұрғындарына газ тарифі арзандады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Жыл басынан бері жоғарыда аталған елді мекендердің тұрғындарына қызмет көрсететін «Сигма-ГАЗ» ЖШС-гі» халық үшін тауарлық газдың салыстырмалы түрде жоғары тарифіне наразылықтарын білдірді. Осыған байланысты, аудан прокуратурасы тауарлық газды өткізу бойынша қалыптасқан тарифке талдау жүргізді, нәтижелері бойынша монополияға қарсы заңнаманың бірқатар бұзушылықтары анықталды»,- деп көрсетті облыстық прокуратура.

Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша «Сигма-ГАЗ» ЖШС-нің тарифі бекітілді.

1 сәуірден бастап жоғарыда аталған елді мекендер үшін қосылған құн салығын ескере отырып тариф бағасы бір текше метр газ үшін 28,95 теңгеге дейін төмендеді, осылайша Алматы облысының прокуратурасы 9 918 тұтынушының құқықтарын қорғап, қалпына келтірді.

​«Сигма-ГАЗ» ЖШС газбен жабдықтау ұйымына 2 млн. теңге айыппұл салынды.  

Серіктес жаңалықтары