$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.03.2020, 03:26
Жаңалықтар

Ақтауда «Қазавтожол» компаниясының бұрынғы басшылары сотталды

Пара алып және бюджет қаржысын жымқырған екеу енді 6 жыл түрмеде отырады

Ақтауда «Қазавтожол» компаниясының бұрынғы басшылары сотталды
Фото: 24.kz

Маңғыстау облысындағы «Қазавтожол» ұлттық компаниясы филиалының бұрынғы басшысы мен оның орынбасары сотталды. Пара алып және бюджет қаржысын жымқырған екеу енді 6 жыл түрмеде отырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Айыпталушылар өз мерзімін қауіпсіздігі барынша төмен түзеу мекемесінде өтейді. Экс-директор өткен жылдың маусым айында, ал орынбасары одан бір ай бұрын ірі көлемде пара алу дерегімен ұсталған болатын. Оларға республикалық маңыздағы «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» көлік жолын салуға бөлінген мемлекет қаражатын талан-таражға салды деген айып тағылған.  

«Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығына сәйкес айыпталушылардың әрқайсын алты жылға бас бостандығынан айыруға шешім қабылданды. Олардың  мемлекеттік қызметке баруына өмір бойы тыйым салынады. Айыпталушыларды қамауға алу мерзімі сот үкімі оқылған сәттен басталады. Сондай-ақ филиалдың көлік жүргізушісінің бостандығы бір жылға шектелді», - қалалық соттың судьясы Марет Ковраева.

Серіктес жаңалықтары