5 наурызға арналған ауа райы болжамы
Бейсенбі күні елімізде қар немесе жаңбыр жауады
Синоптиктердің болжауынша, бейсенбі күні елемізде қар немесе жаңбыр жауып, көктайғақ болады, тұман түсуі ықтимал, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
5 наурызда Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райы барикалық құрылымдардың тез алмасуы мен ағынды бөліктерге байланысты. Осыған орай кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасын соғуы ықтимал. Тек батыста, оңтүстік-батыста және шығыста күн райы ашық болады.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Алматы облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі, таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз
Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.