$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ақ жол» партиясының өкілдері Көкшетауға барды

Жиынға келген сайлаушылар әлеуметтік мәселелерді айтты

«Ақ жол» партиясының өкілдері Көкшетауға барды

«Ақ жол» партиясының лидері Азат Перуашев, «Қазақстанның Ұлттық индустриялық палатасы» төрағасы, Мәжіліс депутаттығына үміткер Дмитрий Васильев, патрия атынан Ақмола облысы бойынша бір мандаттық жүйемен Мәжіліс депутаттығына үміткер Меруерт Қазбекова, Ақмола облыстық филиалының төрағасы Саят Сыздықов аймақтағы өндіріс орындарын аралады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Штаб өкілдері «Новопэк» ЖШС – полимерлерден жасалған ұнтақ жарма өнімдеріне арналған қаптамаларды шығаратын отандық ірі өндіруші кәсіпорнына барды.

Үгіт-насихат тобы кәсіпорын жетекшілері және жұмысшылармен кездесіп, партияның саяси бағдарламасын таныстырып, сайлаушылардың талап-тілектерін тыңдады.

Жиында ұжым қызметкерлері ипотекалық несиенің жоғары пайыздық мөлшерлемесі, баспана кезегі, мүгедек балаларға көмек көрсету, халық тұтынатын тауарлардың қымбаттауы, ауылдан келген жастарды жұмыспен қамту сияқты мәселелерді көтерді.

Серіктес жаңалықтары