$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 178,9 мыңнан астам адам қатысты

Ұлттық жобаға қатысушылардың 131,4 мыңы жұмысқа орналасқан

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 178,9 мыңнан астам адам қатысты

Елімізде 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 178,9 мың адам қатысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ұлттық жобаға қатысушылардың 131,4 мыңы жұмысқа орналасып, оның ішінде 38,6 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан.   

«Субсидияланатын жұмыс орындарына 92,8 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 10,8 мың адам, жастар практикасымен 4,8 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 69,6 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 1,6 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 44 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 6 мың адам жұмыспен қамтылды», - деді ведомство өкілдері.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 7,9 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 6,9 мыңы оқуды аяқтады.

«Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 47,3 мың адамды қамтыды, оның ішінде 36,1 мың адам сертификат алды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар қызмет саласын таңдау мақсатында 29,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Серіктес жаңалықтары