$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада полиция қызметкерлеріне «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді

Сайлаушылар әскерилердің жалақысын арттыру, баспанамен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді

Астанада полиция қызметкерлеріне «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді

Елордада «AMANAT» партиясынан Астана қалалық мәслихат депуттатығына үміткерлер – Ернар Жұматаев пен Ерлан Дәкенов желілік полиция бөлімінің ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне алдағы науқанның маңыздылығы мен партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен түсіндірілді. Қаладағы өткір мәселелер талқыланып, шешу жолдары пысықталды. Сайлаушылар әскерилердің жалақысын арттыру, баспанамен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді.

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры Ернар Жұматаев партияның «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасында құқық қорғау қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға басымдық берілгенін жеткізді.

«Партия құқық қорғау органдары қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік қорғауды арттыру жөнінде кешенді шара қабылдауды жалғастырады. Біз отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату бойынша заңнамалық өзгерістер енгіземіз. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «111» байланыс орталығы және 2 300 жедел әрекет ету тобы арқылы қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсетуді жалғастырамыз», - деді Ернар Жұматаев. 

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының директоры Ерлан Дәкенов полиция қызметі кәсібилік, имандылық пен адамгершілік полиция қызметкерінің ізгі қасиеттеріне айналуы керек деді.

«2027 жылға дейін қылмыс деңгейін 10 мың халыққа 207 қылмысқа дейін төмендетуді көздейміз. Партия авариялық қаупі бар жерлерде қозғалыс жылдамдығын төмендете отырып, жол қозғалысын ұйымдастыру схемаларын өзгерту арқылы ЖКО санын азайту, айыппұлдар жүйесін оңтайландыру және оларды жол қозғалысы ережелерін бұзу кезінде қолданудың бұлтартпастығын қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр», - деді Е.Дәкенов.

Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары