$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Байтақ» партиясы Елордада қоқысты кәдеге жарату мәселесін талқылады

Партиялықтар Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды

«Байтақ» партиясы Елордада қоқысты кәдеге жарату мәселесін талқылады

24 ақпанда Батыс Қазақстан облыстық және Орал қалалық мәслихаттарының «Байтақ» партиясынан депутаттыққа кандидаттар Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Партия өкілдері осы компанияның жұмыс барысымен танысып, оларды қызықтырған мәселелерді талқылады. Үміткерлер өз бағдарламаларын түсіндірді.

Штаб төрағасы Бақытжан Сабырғалиұлы партия мүшелерін, Мәжіліс және мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды таныстырып, орман шаруашылығы және оны қорғау туралы баяндама жасады.

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Тілекқабыл Шаяхметов Қазақстан экологиясы туралы өз пікірімен бөлісті. Мәжіліс депутаттығына Кандидат Лариса Жақсылықова мектептер мен халық арасында қоқысты қайта өңдеуді насихаттау қажеттігі туралы айтты. Кездесу екі жаққа да пайдалы болды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#сайлау