14.03.2023, 00:15
Жаңалықтар
Қостанайда жоғалып кеткен 7-сынып оқушысы аман табылды
Жеткіншек туғандарымен сөзге келіп қалған соң үйінен шығып кеткен
фото: ашық дереккөзден
Қостанайда полиция кеше ата-анасымен жанжалдан кейін үйден кетіп қалған жасөспірімді іздеп тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
polisia.kz-тің хабарлауынша, оқушысының анасы полицияға арызданып, баласының жоғалғанын айтқан.
«Іздеуге полицияның барлық жасақтары мен еріктілер бағытталды.Бүгін кешке ер бала азық-түлік дүкенінің жанынан табылды. Қазір тәртіп сақшылары оның қай жерде болғанын анықтап жатыр», - делінген хабарламада.
Оқушыны іздеуге психологтар мен ювеналды полиция қызметкерлері де тартылған.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы