«Байтақ» партиясы Елордада қоқысты кәдеге жарату мәселесін талқылады
Елордада күніне 50 мың полиэтилен бұйымы қоқысқа тасталады

Қоқыс мәселесі 23 ақпанда «Байтақ» жасылдар партиясы өткізген экохакатонның басты тақырыбына айналды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖОО студенттерімен кездесуде кәсіпкер және «Байтақ» партиясының мүшесі Мирас Аббасов саналы тұтынуға көшудің маңыздылығын атап өтті.
«Бүгінде әлемді маркетологтар басқарады және олар өз тауарларын ұсынады, ал біз өз кезегінде заттардың қаншалықты қажет екендігі туралы ойлануымыз керек. Мысалы, бір джинсы үшін сізге сегіз мың литр су және басқа да ресурстар қажет. Сондықтан әрбір сатып алатын тауарды мұқият қарастырған жөн», - деді ол.
Сатып алуға ұтымсыз көзқарас қоқыстың көптігіне әкеледі. Астанада бір ғана қоқыс өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр, екіншісін әзірге салуды жоспарлап отыр.
«Күніне 50 мың полиэтилен бұйымы тек Астанада қоқысқа тасталады», - деп атап өтті Мирас Аббасов.