$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Байтақ» партиясының мүшелері Атыраудағы қалдықтарды қайта өңдеу зауытына барды

Партиялықтар кәсіпорын қызметкерлерімен проблемалық мәселелерді талқылады

«Байтақ» партиясының мүшелері Атыраудағы қалдықтарды қайта өңдеу зауытына барды

Бүгін «Байтақ» жасылдар партиясының Атырау өңірлік штабының үйлестірушісі Амандық Қанатбайұлы және Мәжіліс депутаттығына кандидат Марал Көшенов Атырауда қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу кәсіпорны – "West DALA" ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу аясында серіктестік қызметкерлеріне партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді. Өңірдің өзекті мәселелері көтерілді, оларды шешу жолдары пысықталды.

Мәжіліс депутаттығына Кандидат Марал Көшенов партияның мақсаттарын түсіндіріп, ұжым тарапынан алдағы іс-қимыл жоспарына ұсыныстар енгізді.

«West DALA» ЖШС Бас директоры Қайрат Салахаденов Каспий теңізінің су деңгейін төмендету туралы өз сұрақтарына жауап алды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#сайлау