$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ақ жол» демпартиясы Фармацевтика мен құрылыс саласы өкілдерімен кездесті

Партия белсенділері еңбек ұжымының сауалдарына жауап беріп, өтініштерін тыңдады

«Ақ жол» демпартиясы Фармацевтика мен құрылыс саласы өкілдерімен кездесті

Фармацевтика мен құрылыс саласы өкілдері «Ақ жол» лидері Азат Перуашевқа көкейкесті мәселелерін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» демпартиясының республикалық штабы Алматы облысы Іле ауданындағы «Dolce -Pharm» ЖШС фармацевтикалық компаниясының және Алматыдағы «Имсталькон» зауытының еңбек ұжымдарымен кездесті.

Демпартия лидері партияның саяси бағдарламасының басым бағыттарын атап, «ақжолдық» депутаттардың парламент пен мәслихаттардағы атқарған жұмыстарына тоқталды, сондай-ақ, еңбек ұжымының сауалдарына жауап беріп, өтініштерін тыңдады.

Бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырғаннан соң, Азат Перуашев зауыттың еңбек ұжымымен тілдесіп, жұмысшылардың сұрақтарына жауап берді.

 

Серіктес жаңалықтары