«АМАNАТ» партиясы: Басым бағыттың бірі – ұстаздардың мүддесін қорғау
Аманаттықтар Ақтөбеде мектеп ұжымымен кездесті
Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Айгүл Нұркеева, Шахан Жолдасбаев Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымымен кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Олар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларын жаңғырту мәселелерін талқылады. Мектеп ұжымына өңірде тұрғын үй саясаты, аумақтарды абаттандыру, кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары қалай жүзеге асырылатыны айтылды. Депутаттыққа үміткерлер партия облыс тұрғындарының тұрмысын жақсартудың негізгі бағыттарын белгілегенін атап өтті.
«Негізгі міндеттердің бірі – барлық балалардың білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Мектептер жөнделеді, жаңа оқу орындары салынады. Аудандардағы 162 мектепті жаңғырту, 270 пән кабинетін жабдықтау, заманауи зертханалар, оқушыларға арналған робототехника кабинеттерін ашамыз. Мектеп оқушыларының оқу-тәрбиелік ынтасын арттыру қажет. Партия бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесі оқыту сапасын арттыру болмақ», – дей келе Айгүл Нұркеева ұстаздарды «АМАNАТ»-қа дауыс беруге шақырды.
Сондай-ақ, үміткер партияның әлеуметтік тұрғын үй құрылысына, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға да ықпал етіп, баспаналы болғысы келетін халық үшін мол мүмкіндіктер жасалатынын айтты.
«Партияның сайлауалды бағдарламасында жедел шешімді талап ететін қоғамның маңызды мәселелері көрсетілді. Біз жемісті жұмысқа жұмылдық. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру салаларын жаңғырту міндеттерін белгіледік. Оларды жүзеге асыруға уақыт пен күш керек. Біз бұған дайынбыз», - деді Айгүл Нұркеева.
Депутаттыққа үміткерлер ұстаздарды 19 наурызда өтетін сайлауда белсенді түрде «AMANAT» партиясына дауыс беріп, таңдау жасауға шақырды. Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары партия бағдарламасы орындалып, туған қаланың көркейе беретініне сенім білдірді.
Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді