$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алдағы күндері Қазақстанның басым аумағында толассыз жауын-шашын жауады

Кей күні ғана жауын-шашын аздап тоқтауы мүмкін

Алдағы күндері Қазақстанның басым аумағында толассыз жауын-шашын жауады
Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» мәліметінше, циклондар мен антициклондардың ауысуына байланысты Қазақстанда 17 наурызға дейін тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синоптиктер мәліметінше, кей күні ғана жауын-шашын аздап толастауы мүмкін.

Болжам бойынша, 15 наурызда күндіз Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қатты жауын-шашын болады.

«Қазақстан Республикасының басым бөлігінде циклондар мен антициклондардың ауысуына байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), республиканың оңтүстік жартысында жаңбыр жауып, кей күндері ғана күн ашық болуы мүмкін», - деп хабарлады «Қазгидромет».

Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Батыс Қазақстан облыстарында еріген қар суы жайылуы мүмкін.

Сондай-ақ NASA спутниктік суреттерінен алынған мәліметтерге сүйенсек, 1 наурыздан 9 наурызға дейін Қазақстан аумағының қар басқан аумағы 72%-дан 53%-ға азайғаны хабарланды.  

Серіктес жаңалықтары