$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да «AMANAT» кандидаты сауда орнының жұмыскерлерімен кездесті

Облыстық сайлауалды штаб төрағасы партиялық бағдарламаның басым бағыттарын түсіндірді

ШҚО-да «AMANAT» кандидаты сауда орнының жұмыскерлерімен кездесті

«AMANAT» партиясының кандидаты әрі облыстық сайлауалды штабтың төрағасы Сайрангүл Жұмаділова Өскемен қаласындағы «Дос-Нар» базарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол сауда орнындағы сайлаушыларға партиялық бағдарламаның басым бағыттарын түсіндіріп, мән-маңызын саралап айтты.

«AMANAT» бағдарламасы – қоғамда әбден қайнап, пісіп-жетілген проблемаларды шешудің нақты жолы, нақты жоспары. Өткен жылдың өзінде партия өңірлерде, ауыл-аймақта мыңдаған кездесу өткізіп, тұрғындардан 200 мыңнан астам ұсыныс-пікір жинаған болатын. Соның негізінде 10 негізгі бағыттан тұратын құжат әзірленді. Бұл бағдарламадан әрбір адам әл-ауқат пен жұмыс, жалақы мен азық-түліктің қолайлы бағасы, сапалы медицина мен білім, жеке баспана мен әлеуметтік қамсыздандыру, ауылды дамыту мен қала инфрақұрылымы, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау туралы сұрақтарға жауап таба алады», – деді Сайрангүл Жұмаділова.

Осы күні штаб төрағасы сайлаушыларға үгіт-насихат материалдарын таратты. Сондай-ақ олардың ұсыныс-пікірін тыңдап, алдағы саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды.

«Мемлекет болашағына бейжай қарамайтын барша өңір жұртшылығын сайлауға белсене қатысып, «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырамын. Біз әрдайым халықтың жағындамыз!» – деді Сайрангүл Жұмаділова.

 Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары