10.03.2023, 23:31
Жаңалықтар
Талдықорғанда аурухана есепшісі 100 млн теңгеден астам қаржыны құмар ойынға жұмсап жіберген
Бухгалтер аурухананың шоттарынан жеке шотқа ақша аударған
Фото ашық дереккөзден
Талдықорған қалалық соты балалар ауруханасының есепшісі 100 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сотта 2021 жылдың 1 наурызынан бастап сотталушы «Балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК есеп айырысу шотынан өзінің жеке шотына жұмыс істемейтін қызметтер мен тауар жеткізу бойынша бірнеше рет ақша аударымдарын жүргізгені анықталды. Айыпталушы ұрланған ақшаны құмар ойындарға жұмсаған.
Ауруханаға келтірілген шығын 109 млн теңгені құрады.
Сотта сотталушы кінәсін толық мойындап, келтірілген зиянды өтеуге уәде берді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
20.09.2026, 15:13
21 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
20.09.2026, 08:43
Астанада 14 қабатты тұрғын үй кешенінде түнде өрт шықты (ВИДЕО)
20.09.2026, 13:23
Талдықорғандағы жаппай төбелес: полиция қылмыстық іс қозғады
20.09.2026, 06:28
АҚШ пен Дания Гренландия бойынша келісімге келді
20.09.2026, 14:40
Алматыда полициядан қашпақ болған күдіктіден 500 миллион теңгенің есірткісі тәркіленді (ВИДЕО)
Бүгін, 01:44
Қазақстанда бір тәулікте екі орман өрті тіркелді