$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңбырлы болады: алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды

Оңтүстік өңірлерде 20°C-қа дейін күн жылынады

Жаңбырлы болады: алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды
Foto: Paula Čurkste/LETA

«Қазгидромет» РМК 11-13 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Синоптиктер болжамынша, барикалық түзілімдердің жылдам өзгеруіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын болып, екпінді жел соғады, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс облыстарда бұрқасын болуы мүмкін.

«11-12 наурызда республиканың оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады, 12-13 наурызда республиканың шығыс облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік жартысында көктайғақ болуы ықтимал. Республиканың оңтүстік жартысында найзағай ойнайды», - дейді синоптиктер.

Ауа температурасы:

  • республиканың батыс облыстарында түнде 0-10°C жылыдан 2°C аязға дейін – 8°C жылы, күндіз 3-1°C 5 жылыдан 7-18°C жылыға дейін ауытқиды;
  • республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде 0-12°C аяздан 3-15°C аязға дейін төмендейді, күндіз 3°C-5°C аяздан – 3°C жылыға дейін;
  • оңтүстікте түнде 3°C аяздан – 10°C жылыға дейін, күндіз 10-20°C жылы, оңтүстік-шығыста түнде 0-8°C, күндіз 2-18°C жылы болады.
Серіктес жаңалықтары