10.03.2023, 11:38
Жаңалықтар
СҚО-да ауа райына байланысты екі жол жабылды
Қазіргі кезде жолшылар қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізіп жатыр
Коллаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты екі жол бөлігі жабылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметінің мәліметінше,а Солтүстік Қазақстан өңіріндегі Волошинка – Сергеевка – Тимирязева және Тимирязева – Сарыкөл – Қостанай облысы шекарасы тасжолдарынан басқа республикалық маңыздағы күре жолдар ашық.
«Автожолдар ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде жолшылар қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Республикалық желіде 543 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы