Лукашенко мемлекетке опасыздық жасаған шенеуніктерді өлім жазасына кесу туралы Заңға қол қойды
Құжаттың негізгі мақсаты – экстремистік және мемлекетке қарсы бағыттағы қылмыстармен күресті күшейту
Беларусь президенті Александр Лукашенко «қылмыстық жауапкершілік мәселелері бойынша кодекстерді өзгерту туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды «Бірінші Пул» Telegram-арнасы.
Құжаттың негізгі мақсаты – экстремистік және мемлекетке қарсы бағыттағы қылмыстармен күресті күшейту. Заңда лауазымды тұлғаларды мемлекетке опасыздық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту көзделеді.
«Бұл ретте лауазымды адам немесе әскери қызметшіге мемлекетке опасыздық жасағаны үшін өлім жазасы қолданылуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, өткен жылдың мамыр айында Лукашенко Белоруссияның Қылмыстық кодексіне террористік актілерге оқталғаны үшін өлім жазасын қарастыратын түзетулер енгізу туралы Заңға қол қойған болатын.