09.03.2023, 22:20
Жаңалықтар
Семейде жеке тұрғын үйлердің бірінде 4 бала газға уланып қалды
Келеңсіз жағдай жылыту пеші мұржасының күйеге толып қалғандығынан болған
Фото ашық дереккөзден
Семейде жеке тұрғын үйлердің бірінде 4 бала газға уланып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
«8 наурызда Семейдегі жеке тұрғын үйлердің бірінде көмірмен жылыту пешін пайдалану ережелерін сақтамағандықтан 4 бала газға уланып қалды. 4 және 5 жастағы балалар улы газдан жеңіл дәрежеде уланғандықтан дәрігерлер тексергеннен кейін үйлеріне жіберілді. Ал 11 және 7 жастағы екі бала Семей қаласының «Бүйрек орталығы» мекемесіне токсикология бөлімшесіне жатқызылды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
