«AMANAT» партиясы: Курчатов ғылыми қалашық болу керек
Депутаттыққа үміткерлер Курчатов тұрғындарының өтініштерін тыңдады
Абай облысының аудандары мен қалаларына «AMANAT» партиясының сайлауалды штаб өкілдерінің сапарлары жалғасуда. «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының сайлауалды штабының өкілдері Курчатов тұрғындарының өтініштерін тыңдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«AMANAT» партиясы халықтың сұраныстарын ескере отырып, әр азаматтың, шалғайдағы елді мекен тұрғындарының пікірлерін тыңдауға дайын. «AMANAT» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Марат Сандыбаев, Самат Нұртаза, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Галина Судгаймер, «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының мобильді қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы Ардан Аралбай Курчатовта болды.
Мәдениет үйінде «AMANAT» партиясының сайлауалды штабының мүшелері қала тұрғындарымен кездесіп, оларды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Депутаттыққа кандидаттар жиналғандардың қандай қажеттіліктері, проблемалары бар екенін анықтап, келіп түскен сұрақтарға жауап берді.
«AMANAT» партиясы өзін халықтық партия ретінде көрсете отырып, әр азаматтың, шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарының пікірін тыңдауға дайын. Партия құрамы 75 пайызға дейін жаңарды. Жаңа тұлғалар, жаңа адамдар бүгінгі таңда мемлекетіміздің заң шығару процестеріне айрықша ықпал етуде. Біз әрқашан барлық ұсыныстарға ашықпыз, сіздердің тілектеріңізді тыңдауға дайынбыз», - деді партияның Орталық аппаратының мобильді қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы Ардан Аралбай.
«AMANAT» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Марат Сандыбаев партияның сайлауалды бағдарламасы аясында Курчатов қаласының ғылыми-практикалық әлеуетін дамытуға қандай мүмкіндіктер берілгенін атап өтті.
«Облыстық ауруханада реаниматолог болып жұмыс істегенде санитариялық авиация ауыр жағдайларға шақырылатын. Сол кезде барлығы Курчатовқа іс-сапарға баруды армандайтын, өйткені қаланың өркендеп тұрған кезі, мұнда Мәскеу барлық керек-жарақпен қамтамасыз ететін. Әрине, ол кезде де бұл жабық қала болды, бірақ өңірдің ғылыми әлеуеті өте жоғары еді. Қазір мұнда қаланы құраушы кәсіпорындардың бірі – Ұлттық ядролық орталық жұмыс атқаратыны белгілі. Ғылыми орталық – әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдарды тартатын әйгілі ғылыми-эксперименттік алаң. «AMANAT» партиясының бағдарламасында ғылымды, Курчатов сияқты моноқалаларды дамыту мәселелері бар. Біз мұнда ғылым қалашығын салғымыз келеді, сондықтан өңірдің болашағы зор. Егер «AMANAT» партиясына дауыс берсеңіздер, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі өкілдеріңіз ретінде біздің жаңадан құрылған облысымыздың мүддесін қалай қорғайтынымызды білеміз», - деді Марат Сандыбаев.
Партияның Орталық аппаратының мобильді қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы Абай облысының өңірлеріне сапар барысында екі үлкен проблема бар екенін байқағанын атап өтті. Ол – ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен адамдарға көлік және экологиялық аударымдар мәселесі.
«Курчатовтықтар көрген полигонның 40 жылдық зардабын ешкім түсінбейтін шығар. Мен бұл мәселеге ерекше қызығушылық танытамын. Ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен адамдар 5175 теңге жәрдемақы алатынын білгенде қаншалықты таңқалғанымды айтып жеткізу мүмкін емес. Онкологиялық аурулар бойынша біздің облыс өкінішке қарай жетекші орындардың бірін алады және өңір тұрғындарының әрқайсысының радиациядан зардап шеккен туысы бар. Сондықтан мен, алдымен, өзіме бұл мәселені міндетті түрде көтеремін деп уәде берген едім», - деп нақтылады Ардан Аралбай.
Кездесу барысында Абай облысы бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Аймақ бойынша бар проблемаларды шешуде қандай жұмыстар атқарылып, алдағы бес жылда қандай нысандар салынатыны және тағы басқа курчатовтықтардың сұрақтары тыңдалды. Тұрғындар көтерген сұрақтардың бірқатары өңірдегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру, жолдарды жөндеу, бөлінген қаражатты мақсатты пайдалануға және игеруге, қызмет көрсету саласының этикетіне қатысты болды.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының міндеттерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған. Тендерлер бойынша да мәселелер өте қатаң қойылған. Мен тендерлерді өткізетін және тендерге қатысатын кәсіпорынның басшысы ретінде мемлекеттік сатып алуда көптеген ойластырылмаған жағдайлар бар екенін түсінемін және бұл мәселелер де бақылауға алынатын болады», - деп жауап берді Марат Сандыбаев.
Бүгінгі таңда ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету мәселесі де өзекті. Депутаттыққа кандидаттармен кездесу барысында Курчатовта ерекше балаларға арналған бөлімшелер жоқ екені және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналар балаларын оңалтудан өткізу үшін Семейге келуге, содан кейін 20 күннен астам емдеу курсы біткенше қалада тұруға мәжбүр екені айтылды. Қаланың өзінде МӘМС аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дефектолог, психолог мамандарының көмегіне жүгіну мүмкіндігі қарастырылмаған. Бұл ретте тұрғындар Курчатовта оңалту орталығын құру қажеттілігі туралы мәселені көтерді, осылайша психологтар, дефектологтар, ЕДШ нұсқаушылары қаладағы балалармен тікелей айналасуға мүмкіндік алады және ерекше қажеттіліктері бар балалар медициналық көмек және кеңес ала алады.
Барлық келіп түскен сұрақтар, өтініштер мен ұсыныстар облыстық сайлауалды штаб жұмысына қабылданды. Курчатовтың ғылыми әлеуетін ескере отырып, алдағы уақытта үлкен өзгерістер күтіп тұрғаны атап өтілді. Сондай-ақ «AMANAT» партиясының бағдарламасы аясында Курчатов және Аягөз қалаларында жылу көздерін, Семей, Курчатов және Аягөз қалаларында кәріз-тазарту құрылыстарын және басқа да жобаларды іске асыру жоспарланған.
Абай облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді