$ 541.45  631.17  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сапалы медицина, жұмыс, білім: ШҚО-ның маңызды мәселелері талқыланды

Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мәселесі де айтылды

Сапалы медицина, жұмыс, білім: ШҚО-ның маңызды мәселелері талқыланды

«AMANAT» партиясының атынан облыстық мәлихат депутаттығына үміткер Болат Нұрпейісов Тарбағатай ауданының Жаңалық ауылында сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кандидат кездесуде партиялық бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталды.

«Аманаттықтар бірлесіп әрбір қала, аудан, ауылдағы әр отбасының өмірін жақсартатын жүйелі іс-шаралар жоспарын жасады. Бұл бағдарламадан әр адам әл-ауқат пен жұмыс, жалақы мен азық- түліктің қолайлы бағасы, сапалы медицина мен білім, жеке баспана мен әлеуметтік қамсыздандыру, ауылды дамыту мен қала инфрақұрылымы, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау туралы сұрақтарға жауап таба алады», – деді үміткер.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясы әр азаматтың әл-ауқатын жақсартуға, табысын арттыруға күш салады. Осы мақсатта азық-түлік, киім-кешек, баспана, білім мен медицина сияқты күнделікті қажеттіліктің қолжетімді бағада болуын қамтамасыз етеді.

«Азаматтардың нақты табысын арттыру, еңбек жағдайы мен жұмыс орнындағы қауіпсіздікті күшейту – біздің негізгі міндетіміз. Сондықтан қашанда халықпен бірге болатын «AMANAT» партиясына дауыс беріңіздер», – деді кандидат Болат Нұрпейісов

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары