$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бразилияда 10 млн-ға жуық адам қауіпті аймақта тұрады

Бразилияның оңтүстік-шығысындағы көшкін 54 адамның өмірін қиды

Бразилияда 10 млн-ға жуық адам қауіпті аймақта тұрады
© AFP

Бразилия билігі 9,5 миллион тұрғынның көшкін жүру қаупі бар жерлерде тұратынын мәлімдеді. Жауын-шашынның молдығынан су тасқыны да жиілеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Өткен аптаның соңында Сан-Себастьянда күніне 680 миллиметрден астам жаңбыр жауды. Ақпанның соңғы аптасында болған көшкіннен із-түзсіз кеткендер әлі табылған жоқ. 24 ақпанда билік жариялаған соңғы есепке сәйкес, Бразилияның оңтүстік-шығысындағы көшкін 54 адамның өмірін қиған.

Өткен аптаның соңында Сан-Паулудан шамамен 200 км қашықтықта орналасқан Сан-Себастьян теңіз курорты тәулігіне 680 миллиметрден астам жаңбыр жауды, бұл айлық жауын-шашыннан екі есе көп.

«Қазіргі уақытта 54 адамның өлімін растаймыз», — деп түсіндірді Сан-Паулу губернаторының Кеңсесі.

Көшкіннен 16 әйел, 15 ер адам және 15 бала қайтыс болған. Биліктің бағалауы бойынша, отызға жуық адам әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кеткен. Құтқарушылар көшкін мен су тасқынынан ең көп зардап шеккен аудандарда іздеу жұмыстарын тоқтатқан жоқ. 4 мыңға жуық адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Сарапшылар бұл экстремалды құбылыстарды климаттың өзгеруі мен бақыланбайтын урбанизацияның әсерімен байланыстырады.

Бразилиядағы апаттарды бақылау және ескерту ұлттық орталығының (Cemaden) мәліметтері бойынша, көшкін немесе су тасқыны қаупі бар жерлерде 9,5 миллион адам тұрады. Олардың көпшілігі санитарлық жағдайы жоқ, үйлері ығы-жығы салынғант кедей аудандарда өмір сүруге мәжбүр.

Серіктес жаңалықтары