$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Иран ШЫҰ-ға кіру ниетін растады

Былтыр 27 қарашада Ұлттық парламент Иранның ұйымға кіруі туралы заң жобасын қабылдады

Иран ШЫҰ-ға кіру ниетін растады
©Shutterstock/Fotodom

Иран СІМ басшысы Хосейн Амир Абдоллахиан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен кездесуде Тегеранның ШЫҰ-ға кіру және ұйымның жұмысына белсенді қатысу мәселесіндегі шешімін растады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Eadaily.com-ға сілтеме жасап.

«Хосейн Амир Абдоллахиан дүйсенбіде ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Минмен және оның делегациясымен кездесуде Иран Ислам Республикасының ШЫҰ-на кіруі мен ондағы белсенді рөлі туралы атап өтті», - делінген Иран СІМ-нің жеделхатындағы мәлімдемесінде.

Хосейн Амир Абдоллахиан ұйым басшылығына осы мәселеде Иранға жәрдемдескені үшін алғысын білдірді.

Ведомствода айтылғандай, ШЫҰ Бас хатшысы өз кезегінде Иран ұйымда маңызды рөл атқара алатынын және оның басқа мүшелерімен қарым-қатынасты дамыта алатынын атап өтті.

Иран тарапы 2022 жылдың 15 қыркүйегінде Самарқандта ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатында өз міндеттемелері туралы меморандумға қол қойды, ал 27 қарашада ұлттық парламент Иранның ұйымға кіруі туралы заң жобасын қабылдады. Міндеттемелерге қатысты меморандум туралы заң жобасы 2023 жылғы 25 қаңтарда қабылданды.

ШЫҰ – 2001 жылы құрылған халықаралық ұйым. Оған Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Пәкістан және Өзбекстан қатысады. Бақылаушы елдер – Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия, серіктес елдер — Әзірбайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка.

Серіктес жаңалықтары