Қазақстандықтарды ірі онлайн-дүкеннің атынан алдайтын алаяқтар пайда болды
Хабарламада акцияны Wildberries онлайн-дүкені ұйымдастырғаны айтылады
Қазақстандықтарды ірі онлайн-дүкеннің атынан алдап жүрген алаяқтар пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Stopfake.kz порталының хабарлауынша, WhatsApp-та сауалнамадан өтіп, сыйлық ретінде смартфон алуға шақыратын хабарлама тарап жатыр. Хабарламада акцияны Wildberries онлайн-дүкені ұйымдастырғаны айтылады. Бұл – алаяқтардың ісі.
«Дүкеннің ресми сайтында сауалнамадан өткені үшін смартфон ойнатылатын туралы ақпарат жоқ. Әлеуметтік желілердегі маркетплейстің ресми парақшаларында да ұтыс ойыны туралы айтылмаған. Демек, Wildberries-тің бұл сауалнамаға ешқандай қатысы жоқ.
Сауалнамадан өткені үшін ақша немесе бағалы сыйлықтар ұсыну – алаяқтардың сүйікті әрекеттерінің бірі», - делінген хабарламада.
Осылайша, алаяқтар логиндер, парольдер, онлайн-банкингке кіру кодтары және төлем карталарының деректері сияты жеке деректерді жинайды
«Мұндай сауалнамаларға қатыспаған жөн. Сізге ешқандай сыйлық берілмейді, бірақ алаяқтар жеке шоттарыңызға кіруі мүмкін немесе картадағы ақшаңыздан айырылуыңыз ықтимал», - дейді мамандар.