$ 492.17  522.39  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда кандидаттар қала тұрғындарымен бірқатар мәселені талқылады

Кандидаттардың айтуынша жылумен жабдықтау және су бұру желілерін жөндеу мәселесі ерекше бақылауға алынады

Қостанайда кандидаттар қала тұрғындарымен бірқатар мәселені талқылады

Кандидаттар Қостанай қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді. Акцияға жастар мен аға буын өкілдері қатысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Акция аясында тұрғындарға партияның бағдарламасы таныстырылып, ұсыныстары мен өтініштері жазып алынды.

Азаматтарды негізінен балалар алаңы, жалға берілетін тұрғын-үйді жекешелендіру мүмкіндігі, үй ауласындағы көлік тұрақтарының аздығы мен  жылумен жабдықтау желілерінің тозуы секілді мәселелер алаңдатады.

Кандидаттар сайлауалды бағдарлама аясында осы мәселелердің барлығы қарастырылғанын атап өтті.

Кандидаттардың айтуынша, «AMANAT» партиясы электр, жылумен жабдықтау және су бұру желілерін жөндеу мәселелерін ерекше бақылауға алмақ. Нәтижесінде электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 72,2%-ға дейін, жылумен жабдықтау 50%-ға дейін, ал су бұру 59,4%-ға дейін төмендейді.

«Партия 5 жыл ішінде кемінде 20 мың отбасыны, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 1,5 мың отбасыны және 600 көпбалалы отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті кандидат Бауыржан Айдаболұлы.

Облыс бойынша электрмен жабдықтау желілерінің тозуы – 72,4%, жылумен жабдықтау – 57%, су бұру – 59,7% құрайды.

Өз кезегінде кандидаттар қала тұрғындарын партия кандидаттарын сайлауда қолдауға шақырды. 

Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары