«AMANAT» кандидаты Алтайда еңбек ұжымымен кездесті
Кездесуде партиялық бағдарламаның еңбек жағдайын жақсартуға қатысты басымдықтары туралы айтылды
«AMANAT» партиясының кандидаты Сергей Огнев Алтай ауданының Зубовскі кентінде «Фаворит» ЖШС-ның ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Кездесуде партиялық бағдарламаның еңбек жағдайын жақсартуға қатысты басымдықтары туралы айтылды.
«AMANAT» партиясы жұмыс берушінің жауапкершілігі мен жұмысшының қауіпсіздігін бақылауды күшейтеді. Зиянды және қауіпті өндірістегі барлық қызметкердің өмірі мен денсаулығы сақтандырылуға тиіс. Біз сақтандыру компаниялары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеміз: зардап шеккен қызметкерлерге тиесілі төлемдер мөлшерін төмендетуге жол берілмейді! Біз әрбір азаматтың лайықты жұмыс істеп, бақуатты тұрмыс кешкенін қалаймыз. Партия бағдарламасының өзі ел азаматтарының аманатына негізделген. Сондықтан алдағы саяси науқанда белсенділік танытып, азаматтық ұстанымдарыңызды айқындап, «AMANAT» партиясына дауыс беріңіздер!», – деді облыстық мәслихатқа үміткер Сергей Огнев.
Кездесу соңында еңбек ұжымының ұсыныс-пікіріне кезек берілді.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді