$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Аманаттықтар Қазығұрт ауданында мобильді қоғамдық қабылдау өткізді

Қабылдау барысында аудан тұрғындары өзекті мәселелерді көтерді

Аманаттықтар Қазығұрт ауданында мобильді қоғамдық қабылдау өткізді

Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы «Ешенқұл ата» базарында Аманаттықтар қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткерлер Мақұлбаев Әбдібақыт Тіллабайұлы, Онгаров Шырынбек Сусынұлы, облыстық мәслихатқа үміткерлер Қайшыбеков Сапарғали Леспекұлы, Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлы, Аширов Нұржан Сапабекұлы, «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінің  меңгерушісі  Құлжанов Берік Үшкемпірұлы, «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Жадакова Манат Уалиханқызы, «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиал төрағасы, бірмандаттық сайлау округі бойынша, аудандық мәслихатқа үміткер Е.Исақұлов, аудандық мәслихатқа үміткерлер М.Нұран, Д.Кубеев, С.Қыпшақбаев қатысты.

Қабылдау барысында аудан тұрғындары, ел ағалары, ауыл билері Қазығұрт ауданына қатысты өзекті мәселелерді көтерді.

Атап айтар болсақ, Ащыбұлақ елді мекенінен дәрігерлік амбулатория салу мәселесі,Ауыз су мәселесі, Табиғи газ,Қазығұрт ауылы округі «Молбұлақ» және «Кезеңбұлақ»  е.м.  және өзге де электр желісі жөндеу қажет ететін көшелерге жаңа электр бағаналарын, сымдарын жүргізу сынды мәселелерді қозғады.

Аудан тұрғындарының өзекті мәселесін таңдаған үміткерлер, партия 2027 жылға дейін облыс халқын сапалы, таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешуді және елді мекендерді табиғи газбен қамту деңгейін 94,5%-ға жеткізуге ықпал жасайтынын, 2023-2025 жылдары жалпы қуаты 90 МВт 4 күн электр станциясы мен қуаты 11,5 МВт 5 шағын гидроэлектростанция салуға жағдай жасалатынын, «AMANAT» партиясының мақсаты – жолдардың сапасын жақсарту және жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін арттыруға ықпал ету екендігін тұрғындар көтерген өтініштің барлығы партияның бағдарламасында көрсетілгенін, кезең-кезеңімен шешімін табатынын түсіндірді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазығұрт аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 70-тен астам ұсыныстар мен тілектер келіп түсті. Оның басым бөлігі инфрақұрылым мен әлеуметтік көмекке қатысты өтініштер.

Сондай-ақ үміткерлер аудан тұрғындарын 19 наурызда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына белсенді қатысуға шақырды.

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары