$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Юрий Ильин сейсмикалық қауіпті аймақтарды атады

Мемлекеттік комиссия елдегі сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін қарады

Юрий Ильин сейсмикалық қауіпті аймақтарды атады
фото: www.gov.kz

Қазақстан ТЖ министрлігінде ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сейсмикалық қауіпсіздіктің мемлекеттік жүйесін жетілдіру - халықты қорғаудың маңызды бағыттарының бірі және Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Алматы, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының аумақтары сейсмикалық қауіпсіздіктің жоғары әлеуетіне кіреді. Бұл ретте Алматы қаласы бүкіл Орталық Азиядағы сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірінде орналасқан, - деп комиссия отырысын ашқан кезде ТЖ министрі Юрий Ильин атап өтті.

Сонымен қатар, Юрий Ильин Үкімет басшысының мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың алдына сейсмикалық қауіпсіздік және құрылыс саласындағы нормативтердің талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізу, лауазымды тұлғалардың оларды іске асырғаны үшін бақылауы мен жауапкершілігін арттыра отырып, сейсмика бойынша жол картасының іс-шараларына тексеру жүргізу, жаңа әдіснама бойынша облыстар мен ірі қалалардың сейсмикалық аудандастыру карталарын әзірлеу және, сейсмикалық мониторинг желісін кеңейту, жер сілкінісін болжау әдістерін жетілдіру және барлық елді мекендердің сейсмикалық қауіп-қатерін бағалауды жүргізу міндеттерін қойды.

Сейсмикалық қауіпті өңірлердегі объектілерді есепке алу және паспорттау, осы бағыттағы бақылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты бірқатар басқа өңірлердің бейінді ұйымдары мен министрліктердің өкілдері жеткізді.

Отырыс қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар үшін бірқатар ұсынымдар әзірленді:

Бірінші. Қаржы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп сейсмологиялық ақпарат мониторингін жергілікті бюджет шығыстарына енгізу мәселесін пысықтау.

Екінші. Ғылым және жоғары білім министрлігі Сейсмология институтымен бірлесіп сейсмология саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын «Геология, минералдық және көмірсутек шикізатын өндіру және өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар» басым бағытына енгізу мәселесін қарау.

Үшінші. Жергілікті атқарушы органдар сейсмикалық құбылыстарға бейім өңірдің орналасу ерекшелігін ескере отырып, аумақтың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#сейсмология