$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мәселені шеше алмайтын алаяқтарға жүгінеді»: Артықов әскерден жалтару туралы айтты

Қорғаныс министрлігі мен құқық қорғау органдарының сенім телефоны жұмыс істейді

«Мәселені шеше алмайтын алаяқтарға жүгінеді»: Артықов әскерден жалтару туралы айтты
Фото ашық дереккөзден

Қарулы Күштер Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Бауыржан Артықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әскери қызметтің маңызы туралы айтып өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біздің қоғам, әскери қызмет өткеру адамның өзіне ғана емес, қоғам үшін, ел үшін маңызды екенін түсініп келеді, оның ішінде әрбір әскерге шақырылушы Отанын қорғау – ол өз үйін қорғау екенін білуі тиіс. Әскери қызмет – ол еліміздің егемендігін сақтау негізі, ал жастарға тәрбие беру, оларды Отанды қорғауға даярлау тек мемлекеттік құрылымдардың ғана емес, бірінші кезекте барлық қоғамның маңызды міндеті», - деді Артықов.

Ол атағандай, әскери қызмет әрбір ер-азаматтың заңмен белгіленген міндеті, ал оны өткеруден жалтару қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты көздейді.

«Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жергіліктi атқарушы органдар ұйымдастыратынын және қамтамасыз ететінін еске салғым келеді. Көп жағдайда азаматтар әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мәселесін шешу үшін әскерге шақыру комиссиясына еш қатысы жоқ, осы мәселені шешуге құзыретті емес алаяқтарға жүгінеді. Сондықтан ақша талап ету, туындаған мәселені шешуді ұзаққа созу және басқа да сыбайлас жемқорлық көрінісі бар барлық жағдай бойынша жедел шара қабылдау және туындаған жағдай бойынша кеңес алу үшін Қорғаныс  министрлігі мен құқық қорғау органдарының сенім телефондарына хабарласу қажет», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары