$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нақты істер партиясы медицина саласындағы өзекті мәселелерді шешеді – «AMANAT» үміткері

Жетісу облыстық мәслихат депутаттығына кандидат дәрігерлермен кездесті

Нақты істер партиясы медицина саласындағы өзекті мәселелерді шешеді – «AMANAT» үміткері

«AMANAT» партиясының Жетісу облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаты Римма Салықова Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кездесуде айтылғандай, «AMANAT» партиясы Жетісу өңірінде 2021-2022 жылдары 2,2 мың орындық 8 мектеп, 290 орындық 3 балабақша салып, 15 білім беру нысанына күрделі жөндеуден өтуіне ықпал етті. Одан өзге, 4 медициналық нысанды халық игілігіне пайдалануға беріп, 15 медициналық пункт салуға септесті.

«Партия сол уақыттағы сайлауалды бағдарламасында уәде еткен басым басымдықтардың бәрін жүзеге асырды. Бұдан «AMANAT» партиясының нақты істердің саяси құрылымы екенін аңғару қиын емес. Бастысы, уәде етілді, уәде орындалды», - деп атап өтті облыстық мәслихат депутаттығына кандидат.

Оның айтуынша, бүгінде өңірде 200 тарта дәрігер маман тапшы.

«200-ден астам денсаулық сақтау мекемесі жалға берілетін және бейімделген ғимараттарда орналасқан. Мұндай кемшін дүниелерді шешу үшін етжеңді бастамалар керек. «AMANAT» партиясы осындай бастамаларды өзінің 2027 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасында нық көрсетіп отыр. Партиямыз 2027 жылға дейін өңірде 100-ге жуық медициналық нысан салуға септеседі. 34 нысанды күрделі жөндеуге ықпал етеді. Алғашқы дәрігерлік көмек ұйымдарына 255 дана жабдық алынып, бұл ұйымдағы қажеттілік толық өтеледі. Осындай ауқымды жұмыстар өзегінде өңірдегі медицина жоғарғы стандарттарға сай болады», - деді Римма Салықова.

Кандидат содан кейін ауылшаруашылығындағы өзекті мәселелердің тінін тарқатты. Жетісу өңіріндегі халықтың 56 пайызы ауылдық жерлерде тұратынын да тілге тиек етті. Алайда барлық ауылшаруашылық техникасының 65 пайызы, су шаруашылығының нысандарың 70 пайызы тозған. Сала мамандарының мәліметінше, атаулы сала бойынша жайылымдық жердің тапшылығы 700 мың гектарды құрап отыр. Римма Салықованың айтуынша, осы мәселелерді «AMANAT» партиясы алдағы бес жылдықта толық шешпек.

Медицина ұйымының қызметкерлері тағдыршешті сәтте қалыс қалмай, нақты істер партиясын қолдауға бірауыздан келісті.

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары