Қырымда жер сілкінісі тіркелді
Жер сілкінісі Қара теңізде, Гурзуф – Алушта аймағында болды

Қырым жағалауында 3,5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қырым федералды университетінің (ҚФУ) Сейсмология және геодинамика институтының директоры Юрий Вольфман мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
«Қара теңізде, Гурзуф – Алушта аймағында жер сілкінісі болды. Магнитудасы – 3,5, тереңдігі – 31 километр. Гурзуф пен Алушта әлсіз тербеліс сезілді», - деді ол.
Айта кетейік, 27 ақпанда Түркияның Малатья провинциясында 5,6 балдық жер сілкінісі болып, 32 адам құтқарылды.
Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою департаментінің (AFAD) басшысы Юнус Сезер мәліметінше, зілзала салдарынан 29 тұрғын үй құлап, бір адам қаза тапты, сондай-ақ 110 адам зардап шекті.
Қазіргі кезде екі үйдің қирандыларының астынан құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іздестіру-құтқару жұмыстарына 657 адам жұмылдырылған.