28.02.2023, 09:46
Жаңалықтар
ФИФА өткен түнде 2022 жылдың үздіктерін анықтады
Лионель Месси өткен жылдың үздік ойыншысы атанды
ФИФА өткен түнде салтанатты марапаттау рәсімін өткізіп, үздік ойыншыларды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ФИФА The Best сыйлығының иесін анықтады. Бұл – «Алтын доп» жүлдесіне пара-пар, яғни жылдың үздік ойыншысына берілетін сыйлық. Сол сияқты үздік бапкер мен үздік қақпашы да анықталды. Марапаттау рәсімі Францияның Париж қаласында өтті.

Сонымен ФИФА таңдаған үздіктер төмендегідей:
- Лионель Месси – жылдың үздік ойыншысы;
- Алексия Путельяс – әйелдер арасында үздік ойыншы;
- Жылдың үздік құрамасы – төрт бірдей шабуылшы енді;
- Үздік жанкүйер қауым – Аргентина құрамасының жанкүйерлері;
- Фэйр-плей сыйлығы – Лука Локошвили;
- Лионель Скалони – ерлер футболының үздік жаттықтырушы;
- Сарина Вигман – әйелдер футболының үздік жаттықтырушы;
- Марчин Олекси – Пушкаш сыйлығының жеңімпазы;
- Эмилиано Мартинес – ерлер арасында үздік қақпашы;
- Мэри Ирпс – әйелдер арасында үздік қақпашы.
Көп оқылған
11.03.2026, 15:43
«Жұп күні жұп нөмірлі, тақ күні – тақ нөмірлі көліктер ғана жүреді»: министр Алматы халқы үшін жаңа ереже ұсынды
11.03.2026, 11:01
Қазақстанның Конституциялық соты әйелінен табысын жасыратын ер адамдардың ісін қарап, шешім шығарады
11.03.2026, 16:17
Қазақстанда «улы жаңбыр» жаууы мүмкін бе – министрдің жауабы