$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шетелде 77 сайлау учаскесі құрылды

Сайлау учаскелері 62 шет мемлекетте ашылған

Шетелде 77 сайлау учаскесі құрылды

Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров министрліктің брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

19 наурызда Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

«Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды. Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке қызметтік, оқу іскерлік,туристік мақсатпен жүрген Қазақстан азаматтары сайлау учаскесі бар консулдық өкілдігіне немесе мекемесіне жүгіне алады», - деді Смадияров.

Ол атағандай, шетелдегі сайлау процесін толық дайындпу мақсатында ҚР азаматтарын жақын маңдағы учаскелерге хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет беруі керек.

«Учаскелердің байланыс деректері министрліктің ресми сайтында жарияланады»,- деді ресми өкіл.

Серіктес жаңалықтары