$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан Шенген визасын алудың «қара тізіміне» енгені рас па? ҚР СІМ ресми өкілі жауап берді

1 наурыздан бастап қосымша консультациялар енгізіледі

Қазақстан Шенген визасын алудың «қара тізіміне» енгені рас па? ҚР СІМ ресми өкілі жауап берді

Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы жер сілкінісіне қатысты өткен  брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Биыл Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы қарқынды дамыған ынтымақтастықтың орнағанына 30 жыл толады. Тараптар кең ауқымды мәселелер бойынша біздің әріптестігімізді одан әрі нығайту бойынша жұмыс істеуде. Қазақстанның қандай да бір тізімге енгізілгені туралы айтатын болсақ. Біз еуропалық тараптан ресми хабарлама алған жоқпыз», - деді Айбек Смадияров.

Алайда ол 1 наурыздан бастап шенген визасын алуына өзгеріс енелі.

«1 наурыздан бастап Қазақстанға шенген визасын беру кезінде бұдан былай азаматтар үшін қосымша консультациялар талап етілетін елдер тізімінде болады. Сонымен қатар Шенген келісімінде қара немесе қызыл тізім деген ұғым жоқ. Бұл әдеттегі жұмыс процесі туралы айтылған. Мұндай қадам біз түсінгендей шенген келісімінің бір елі сұратқан. Себебі Еуропалық одақ пен Шенген келісіміне енетін елдер виза алуға өтініш берген үшінші елдің азаматтарына қосымша консультациялар өткізуге құқығы бар. Ол консультациялар 7 күнге созылады. Іс жүзінде біздің азаматтар үшін визаларды қарау рәсімінде қандай да бір өзгеріс болмайды. Азаматтарға қатысты қосымша консультациялар басталуы мүмкін 40 ел кіретін «қара тізім» деп аталмайды», - деді ол.

Смадияров ол тізімге Еуропалық одақпен тығыз қарым-қатынастағы Әзербайжан, Вьетнам, Армения, Тунис сынды көптеген ел кіреді.

Серіктес жаңалықтары