$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Екатеринбург- Алматы» тасжолының екі учаскесінде су бұру жұмыстары жүріп жатыр

Соған байланысты аталған трассаның екі учаскесінде қозғалыс шектелген

«Екатеринбург- Алматы» тасжолының екі учаскесінде су бұру жұмыстары жүріп жатыр
фото: ашық дереккөзден

«Екатеринбург-Алматы» тасжолының екі учаскесінде еріген қар суын бұру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚазАвтоЖол ҰК мәліметінше, Жамбыл облысының шекарасынан Междуреченск кентіне дейін және Бұрылбайтал ауылынан Ақсүйек ауылына дейінгі «Екатеринбург-Алматы» трассасының екі учаскесінен басқа республикалық маңыздағы тасжолдар барлық бағытта ашық. Қозғалыс шектелген екі жол бөлігінде еріген қар суын бұру жұмыстары жалғасуда.

Айналма жолдың 2156 шақырымында (43 ПК) 8 су өткізу құбыры орнатылды. Сондай-ақ, ұзындығы 350 метрден асатын учаскеде үйінді төсеу және нығайту жұмыстары жүргізілді, 20-40 қиыршық тас жабынының қабатын төгу жұмыстары жүргізілуде.

2192 шақырымда (ПК 401), екінші учаскеде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Айналма жолдың 2213 шақырымында, яғни үшінші учаскеде (ПК 609) 2 су өткізу құбыры орнатылды. Қазіргі уақытта соңғы үшінші су өткізу құбырын орнату және үйінді төгу жұмыстары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#автожолдар