$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Теміртау қаласында алып сәби өмірге келді

Анасы нәрестені табиғи жолмен дүниеге әкелген

Теміртау қаласында алып сәби өмірге келді
Фото ашық дереккөзден

Теміртау қаласында алып сәби өмірге келді. Оның салмағы – 5 келі 55 грамм, бойы – 57 сантиметр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Анасы нәрестені табиғи жолмен дүниеге әкелген. Бұл – оның төртінші баласы. Үлкені 10 жаста. Отбасында ірі туған алғашқы сәби екен. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Денсаулықтары жақсы. Перзентхана қызметкерлерінің айтуынша, былтыр өңірде 4 келіден асатын 54, ал 5 келіден асатын 10 нәресте жарық дүние есігін ашқан. Ең ірісі 6 келі 520 граммаға жетіпті.

 «Жүктілік кезеңі ауыр болды. Бірақ келгеннен кейін босануым оңай болды. Толғағым қатты болды, көп уақыт толғатып жүрдім. Алланың қалауымен, дәрігерлердің көмегімен дүниеге келді», - деді Теміртау қаласының тұрғыны Баян Жұрманбетова.

Серіктес жаңалықтары