$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте 77 млн теңге шығын келтірген қаржылық пирамида ұйымдастырушысы сотталды

«GAP» пирамидасына қатысты қылмыстық істі аяқталды

Шымкентте 77 млн теңге шығын келтірген қаржылық пирамида ұйымдастырушысы сотталды
Фото ашық дереккөзден

240 мың теңгеге тұрғын үй немесе автокөлік алуға жәрдемдесіп, одан әрі жинақтау үшін ай сайын 75 мың теңге көлемінде қаражат төлеу туралы келісім жасаған күдікті анықталды. Ол еліміздің оңтүстік облыстарының тұрғындарын сан соқтырып келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Яғни, ақша салған азаматтар баспана мен көлік ала алмаған. Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «GAP» пирамидасына қатысты қылмыстық істі аяқтады. Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

 «Ақшасын салған азаматтар баспана мен көлікті ала алмады. ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген 33 азаматқа келтірілген шығын көлемі 77 миллион теңгеден асты», - деді ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Серіктес жаңалықтары