$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Республикалық маңызы бар автожолдардың 18 учаскесі әлі ашылған жоқ

Бұл – республикалық маңызы бар автожолдар желісінің 8%-ы

Республикалық маңызы бар автожолдардың 18 учаскесі әлі ашылған жоқ
Коллаж: Azattyq Ruhy

Елімізде республикалық маңызы бар автожолдардың 18 учаскесі әлі де жабық тұр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«ҚазАвтоЖол» АҚ Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 ақпанда сағат 8:40-та жаңартылған ақпаратқа сәйкес 7 өңірде ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 18 учаскесі әлі де жабық тұр.

«Жол қозғалысы шектелген тасжол учаскелерінің жалпы ұзындығы 2 018 шақырымды құрайды. Бұл – республикалық маңызы бар автожолдар желісінің 8%-ы. Жол қозғалысына енгізілген шектеулер Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында сақталып тұр», - делінген ұлттық оператор хабарламасында.

Бүгін республикалық желіде 400 бірлік арнайы техника және 530 жол жұмысшысы жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары