АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді

Ол 28 ақпанда Қазақстанға алғашқы сапарын жасайды

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді
Фото: REUTERS

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«2023 жылғы 28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайды. Астанада болуы барысында Мемлекеттік хатшыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді», - делінген хабарламада.

Сол күні Астанада Э.Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы Министрлік кездесу өтеді.

Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.