Жамбыл облысында «Есіктен есікке» акциясы жалғасып жатыр
Облыстық мәслихатқа үміткерлер Бектөбе ауылының тұрғындарымен кездесті
Жамбыл облыстық мәслихаттығына үміткерлер Абдалы Нұралиев пен Оксана Борисюк «Есіктен есікке» акциясы аясында Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округіндегі Бектөбе ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Үйді-үйді аралау барысында азаматтарға «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы жан-жақты түсіндірілді. Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік мәселелер төңірегіндегі ұсыныс-тілектерін тыңдап, ашық талқыға салды. Ал тұрғындар тарапынан мәселелер көтеріліп, ауыл жайы қаузалды.
«AMANAT» - халықтың партиясы. Сондықтан, әрбір тұрғынның ұсыныс-тілегі мен талабы маңызды. Партия өзінің алдағы 5 жылға арналған бағдарламасында барлық сала қамтылған. Оның ішінде ауылды да дамытуға арналған тың жоспарлар бар. Сіздердің сенімдеріңіз біздерге серпін беріп, жоспарлардың жүйелі орындалуына негіз болары сөзсіз, - деді Абдалы Тоқбергенұлы.
Акция соңында халықты алдағы уақытта болатын сайлауда «AMANAT» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді