$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскемендік кәсіпкер жылу желілерін жөндеу кезінде жаңа құбырлардың орнына ескісін салмақ болған

Мердігер жобалық құжаттамаларда жаңа жабдық алатынын көрсеткен

Өскемендік кәсіпкер жылу желілерін жөндеу кезінде жаңа құбырлардың орнына ескісін салмақ болған
24.kz

Өскемендік кәсіпкер жылу желілерін жөндеу кезінде жаңа құбырлардың орнына ескісін салмақ болған. Бұл қылмысты экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

 Мердігер жобалық құжаттамаларда жаңа жабдық алатынын көрсеткен. Алайда, талапты орындамаған. Бірақ мемлекеттік тапсырыстан 100 млн. теңгені қалтасына басқан. Кәсіпкердің  кінәсі толық дәлелденіп, үш жылға сотталды. Жымқырған қаражат мемлекетке қайтарылды. Сондай-ақ, желіге жаңа құбырлар тартылды.

 «Тергеу амалдарына металлография саласының мамандары жұмылдырылды. Арнайы құралдардың көмегімен ескі құбырлардың орнатылғаны дәлелденді. Сонымен қатар, құбырлардың ішінде мұнай және күкірт қалдықтары табылды», - деді ШҚО Экономикалық тергеу департаментінің тергеушісі Ернар Талғат.

Серіктес жаңалықтары