Қарағандыда депутаттыққа үміткер еңбек ұжымымен кездесті
«Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшінші жылу шығару жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде
Қарағанды облысында ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары аясында кездесулер өтуде.
Науқан аясында депутаттыққа кандидат Смагулов Бауыржан Амиржанович «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС 3-ЖЭО еңбек ұжымында кездесті.
Кәсіпорын 4 миллиард кВтсағ астам электр энергиясын және 3,1 миллион Гкал жылу энергиясын өндіреді. Соңғы 10 жылда «Қарағанды Энергоцентр» компаниясының электр энергиясы өндірісінің өсуі миллиард кВт*сағ астам өсті. Бұл өндірістің оң динамикасы энергия өндіруші компания ауқымды жобаларды іске асыру нәтижесі болып табылады.
3-ЖЭО-ға бару барысында Бауыржан Амиржанович Смагулов қызметкерлерді «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қатысушылардың өтініштерін тыңдады. Атап айтқанда, жалақыны көтеру, зиянды және қауіпті өндірістердегі жұмысшылар үшін зейнеткерлік жасты төмендету, сондай-ақ қызметкерлер үшін санаторий-сауықтыру пакетін қамтамасыз ету мәселелері.
Смагулов Бауыржан Амиржанович бұл проблемалар «AMANAT» партиясының сайлауалды жоспарында көрсетілгенін және оларды шешу партиялар үшін аса маңызды мақсатпен белгіленгенін атап өтті.
Кездесу барысында «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС 3-ЖЭО-да жылу қуаты тапшылығының өткір проблемасын шешу үшін үшінші жылу шығару жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде екенін еске салды. Жоба қаланың жаңа аудандарын жылумен қамтамасыз етуге және жалпы жылумен жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Келешекте ЖЭО-3 – те жаңа қазандық агрегаты мен турбинаны салу жобасын іске асыру көзделген, бұл электр қуатының 120 МВт-қа және жылу қуатының-180 Гкал/сағ-қа өсуін береді.
Қарағанды облыстық мәслихат депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді