$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда облысында үміткерлер жұртшылықпен кездесті

«AMANAT» партиясы бағдарламасындағы жастар саясаты туралы айтылды

Қызылорда облысында үміткерлер жұртшылықпен кездесті

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы атынан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерлер «Қызылорда» сауда үйіне келуші тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Депутаттыққа кандидат Батырхан Базарбаев халықты қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, халықты жайлы баспана, қолжетімді білім және медициналық қызметпен, сондай-ақ сапалы жолдар мен қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мәселелерін кеңінен түсіндірді.

«AMANAT» партиясы облыс орталығынан бастап өңірдегі әрбір елді мекенде тұрғындардың лайықты өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасауды жоспарлап отыр. Алдағы бес жылда осы мақсатта апатты мектептерді толығымен жою үшін жаңа білім беру нысандарының салынуына, балалардың 100 пайыз балабақшамен қамтылуына ықпал етпек. Облыста 1,2 мың көпқабатты тұрғын үйдің 583-і немесе 45%-ы жөндеуді қажет етеді. 35,6 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр, оның ішінде 76,9% немесе 27,4 мың адам облыс орталығында. Тұрғын үй салу көлемін ұлғайту арқылы халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Біз халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін осы бағыттарда жұмыс істейтін боламыз. Сондықтан 19 наурызда өтетін сайлауға қатысып, «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырамын!» - деді Батырхан Базарбаев.

Сонымен қатар, депутаттыққа кандидат Медет Жорабек «AMANAT» партиясы бағдарламасындағы жастар саясаты туралы айтты.

«Бүгінде жастар үшін мүмкіндік мол. Тегін білім алу, баспанамен және еңбекпен қамту – жастардың өміріне қажеттінің бәрімен қамтамасыз ету үшін бұл бағыттағы мәселелер шешілген. Мемлекеттің саясаты жас кадрларды қолдауға бағытталған. «АМАNАТ» партиясы жастарға қатысты мәселелерді шешу жолдарын да өз бағдарламасында қамтып отыр. Қоғам мен мемлекет игілігі үшін қызмет ететін партиямызға алдағы сайлауда дауыс беріңіздер!» – деді Медет Жорабек.

Кездесу барысында сайлаушыларға үгіт материалдары таратылып, ұсыныс- пікірлері тыңдалды.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары