Трамп сайлауда жеңіске жетсе Ресей-Украина жанжалын 24 сағатта шешуге уәде берді
Ол бірінші кезекте Путин мен Зеленскийге қоңырау шалатынын айтты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп егер мемлекет басшысы лауазымына қайта сайланса, Ресей мен Украинадағы әріптестері Владимир Путин мен Владимир Зеленскийге «сол түні» телефонмен хабарласатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
РИА Новостидің хабарлауынша, ол Флорида штатындағы жақтастары алдында сөйлеген сөзінде «қақтығысты» 24 сағат ішінде реттейтін келісім жасайтынын айтқан.
«Дәл сол түні, менің жеңіске жеткенім белгілі болған сәтте екі адамға: Путин мен Зеленскийге телефон соғамын. Мен оларға «Кездесуіміз керек» деп айтамын. Мен бұл мәселені шеше алатыныма кепілдік беремін <...>. Біз 24 сағат ішінде келісім жасаймыз», - деді Трамп.
Саясаткер егер оның әкімшілігі Ақ үйде болғанда, Ресей ешқашан Украинаға соғыс ашпас еді деді.
Бұған дейін Дональд Трамп Киевке қаржылық қолдау көрсетуді жалғастырудың салдары Украинадағы соғысты реттеуді кейінге қалдырып отырғанын айтқан еді.