$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бұл қазақ қоғамындағы дерт қой»: Ерке Есмахан енесімен қарым-қатынасы туралы айтты

Әнші күйеуінің анасы өзімен жасты деп келемеж еткендерге жауап берді

«Бұл қазақ қоғамындағы дерт қой»: Ерке Есмахан енесімен қарым-қатынасы туралы айтты

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан желіде күйеуінің ата-анасының суретін жариялап, ене туралы пікірін ортаға салды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әнші өзі мен күйеуінің жас аралығындағы айырмашылықты мысқылдап, келемеж етіп жүргендерге жауап бере отырып, ене мен келін арасындағы салқын қарым-қатынастың қоғам дерті екенін айтты.

«Еркенің енесі өзімен жасты ма, енді екеуі құрбы бола ма?» деген пікірлер оқыдым. Иә, дұрыс айтасыздар, мамам жап-жас, әп-әдемі, гүл-гүл жайнап тұр. 3 ұлдың анасы. Ал мен тұңғыш қызымын. Маған келін емес, қызым дейді.

Қазақ қоғамындағы дерт қой, ене мен келін бір-бірін жақсы көре алмайды. Ене мен келін өштескеннен қанша отбасы ажырасып, балалар тірі жетім қалып жатыр. Қанша тағдыр құртылады. Көп әйелдің жанды жері деп ойлаймын. Сондықтан мен үшін бір қуаныңыздар», - деп жазды әнші Instagram желіінде.

Айта кетсек, әнші Ерке Есмахан өзінен 12 жас кіші әнші Райымбек Бақтыгереевке тұрмысқа шыққан болатын. Жұлдызды жұп биылғы қаңтарда некесін мешітте қидырды.

Серіктес жаңалықтары